Samruk-Kazyna Ondeu басшылығы Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының (CCECC) және химиялық жабдықтарға маманданған «Wylton» компаниясының өкілдерімен кездесті.
«SK Ondeu» ЖШС Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Жандос Оразалиев, Қазақстан Республикасындағы Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының бас директоры Фан Лянцзюнь және «Wylton» компаниясының өндіріс жөніндегі вице-президенті Хуан Инвэнь Қазақстанда күкірт қышқылы зауытын салу перспективалары мен әлеуетті ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қос тарап ұзақ мерзімді серіктестікке мүдделі екенін білдіріп, өзара іс-қимылдың түрлі форматтарын талқылады.
Айта кетейік, «Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы» ЖШҚ – Қытайда темір жол құрылысы бойынша «толық аяқталған» жұмыстарды жүргізуге жоғары деңгейдегі біліктілігі бар ірі мемлекеттік кәсіпорын. Компания «Бір белдеу, бір жол» бағыты бойынша 30-дан астам елде жобаларды жүзеге асырып жатыр.
«Wylton» – 10-нан астам еншілес кәсіпорынды қамтитын және 70-тен астам техникалық патенттері бар химия өнеркәсібі мен ҒЗТКЖ-ның саласындағы компаниялар тобы.
