Астанада «Samruk-Kazyna Ondeu» спартакиадасы басталды. Елордада «SK Ondeu» ЖШС, «KUS» ЖШС және «SSAP» ЖШС-ның 3 командасы үздік атану үшін сайысқа түседі.
Жарысқа қатысушыларға арнап Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов құттықтау сөз сөйледі:
- «Samruk-Kazyna Ondeu» спортпен айналысатын жұмыскерлерді айрықша бағалайды. Салауатты өмір салты компанияның корпоративтік мәдениетінің құрамдас бөлігі. Осы спорттық мереке бізді біріктіріп, компанияның тарихындағы ұмытылмас оқиғасына айналсын, - деді Данияр Мәулетов.
Бірінші күні спортшылар футзалдан, тоғызқұмалақтан, үстел теннисінен, шахматтан, жүзуден және киберспорттан бақ сынасты.
Компанияның орталық аппараты мен еншілес ұйымдарының жұмыскерлері жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары Қордың Спартакиадасында компанияның намысын қорғауға қатысады.