Samruk-Kazyna Ondeu басшылығы Air Liquide өкілдерімен кездесті
Samruk-Kazyna Ondeu басшылығы техникалық газ өндірісі бойынша әлемдік нарықтағы көшбасшылардың бірі Air Liquide компаниясымен кездесу өткізді.
«SK Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов, «Air Liquide» компаниясының вице-президенті Филипп Кристодолу және «Air Liquide Munay Tech Gases» ЖШС-ның бас директоры Каан Орчун Бакыр Қазақстан аумағында әлеуетті ынтымақтастық және перспективалы жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Айта кетейік Air Liquide – газ өндіру, технологиялар әзірлеу және өнеркәсіп пен денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну бойынша әлемдік көшбасшы, Air Liquide компаниялар тобы әлемнің 75 елінде 66 400-ге жуық қызметкерлері бар және 3,8 млн астам клиенттер мен пациенттерге қызмет көрсетеді.