news picture

«KUS» ЖШС-да жұмыскерлермен коммуникациялық кездесу

Атырауда «Samruk-Kazyna Ondeu»-дің еншілес компаниясы  «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жұмыскерлерімен коммуникациялық кездесу өтті.
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы Иван Коротков пен Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов цехтардың, учаскелердің және зауыт зертханасының бастықтарымен кездесіп, бөлімшелердің басшыларымен еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықтың жай-күйі мен өндірістік мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ көшпелі іс-шара аясында Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Жандос Оразалиев пен Адам ресурстары мен коммуникацияларды басқару департаментінің директоры Саян Бигожин өндірістік нысандарды аралап, жұмысшылармен сөйлесті. Коммуникациялық кездесу барысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның жұмыскерлері ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ағымдағы әлеуметтік пакетті жақсарту жөніндегі ұсыныстарын білдірді.
Еншілес компаниялардың ұжымдарымен кездесулер  бұл жұмыскерлермен тікелей сөйлесуге, олардың пікірлерін тыңдауға, қажеттіліктер мен мәселелерді түсінуге көмектесетін тамаша мүмкіндік. «Samruk Kazyna Ondeu» әрбір жұмыскер өзінің пікірінің құнды екенін білетін ашық атмосфераны құруға ұмтылады.



Тізімге оралу