news picture

KUS-та еңбекті қорғау тақырыбына арналған балалар суреттері конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Karabatan Utility Solutions» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбындағы балалар суреттері конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Негізгі мақсаты: компания жұмыскерлері арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру және жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқаруға жұмылдыру, сондай-ақ корпоративтік мәдениет деңгейін арттыру. Байқауға барлығы 12 бала қатысты. Конкурсты өткізу барысында балалар қоршаған ортаны қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Тазарту қондырғылары аппаратшысы Абылайхан Өтебаевтың қызы - Рания Амандық 1-орынды иеленді. 2 орында - тазарту құрылғылары аппаратшысының Рүстем Манасовтың қызы - Аружан Қалибек. 3-орынды тазарту құрылғылары аппаратшысы Сағидолла Тұрмағанбетовтың балалары - Аян, Әлішер, Нұрадин, Айнара, Нұрдана иеленді.

Жеңімпаздар смартфон, самарт-сағаттар, сымсыз құлаққаптар сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орын ала алмағандарға естелік сыйлықтар берілді. Рәсімнің соңында балаларға тәттілер мен сусындар әзірленді.

Айта кетейік, осындай іс-шаралар жылда Еңбекті қорғау күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

Тізімге оралу