news picture

Samruk-Kazyna Ondeu басшылығы қытайлық CNCEC компаниясының өкілдерімен кездесті

Samruk-Kazyna Ondeu компаниясының басшылығы қытайлық China National Chemical Engineering (CNCEC) компаниясының өкілдерімен кездесіп, Қазақстан аумағындағы химия саласындағы әлеуетті ынтымақтастық және перспективалы жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Қытай делегациясының сапары Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында өтті. Samruk-Kazyna Ondeu басшылығы мен CNCEC вице-президенті Wu Xiangon Қазақстандағы көмір химиясы саласын дамыту мәселелерін талқылады.
CNCEC – химия, мұнай-химия, фармацевтика, энергетика және көмір өнеркәсібі саласындағы құрылыс, инфрақұрылым және шетелдік жобалардың бас мердігерлігімен айналысатын әлемдегі ірі құрылыс-жобалау компанияларының бірі. Түсім бойынша әлемде бас мердігерлер арасында 16-орынды және халықаралық жобалардан түсім бойынша мердігерлер арасында 20-орынды иеленеді.
Тізімге оралу