Еңбектің көзін тапқан - байлықтың өзін табады

Бүгінгі кейіпкеріміз Дмитрий Александрович Шумилов Степногорск күкірт-қышқыл зауытының жұлдызын (SSAP) жарқыратуға үлкен үлес қосқан азаматтарыдың бірі екені әріптестері үшін тайға таңба басқандай анық. SSAP – жоғары сападағы күкірт қышқылын және оның негізіндегі басқа да өнімдерді өндіруге негізделген алдыңғы қатардағы технологиялық компания. «Samruk-Kazyna Ondeu»» ЖШС-ның еншілес ұйымы.

Дмитрий Александрович, 2006 - 2022 жыл аралығында  электромонтер лауазымында қызмет етіп, жас әріптестеріне аға ұстаз ретінде өз қолдауын көрсетіп, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар жастарды зауыт ісіне баулуға өз үлесін қосты. Салауатты қызметі байқалып 2022 жылы бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру және кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі учаскесінің шебері болып тағайындалды.

Степногорск қаласының экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылысы мен дамуына қосқан үлесі үшін әріптесіміз қаланың Құрмет тақтасына енгізіліп, әр жылдары Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. 2018 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өкілі ретінде Пхенчханда өткен XXXIII Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасын қолдауға қатысты.

Әріптестері Дмитрий Александровичпен қызметтес болғанын мақтан тұтады және өз ісінің шебері, ақжарқын адам ретінде сыйлайды. 

Тізімге оралу