«Samruk-Kazyna Ondeu» қызметкерлері әр жұма сайын ұлттық стильдегі киімдермен жұмыс орындарына келуді әдетке айналдырмақ. Осы жұмада «Samruk-Kazyna Ondeu» ұжымы қазақстандық суретшілердің суреттері бейнеленген футболкалар киді.
Бұл акция барлық ниет білдірушілерге жасына, жынысына және орналасқан жеріне қарамастан мәдени қозғалысқа қосылуға мүмкіндік береді. Іс-шара ұлттық бірлікті нығайтуға және мәдени байлық пен дәстүрге назар аударуға бағытталған. Бұл акцияны көптеген ұйымдар мен «Самұрық-Қазына» қорының барлық компаниялар тобының мыңдаған қызметкерлері белсенді қолдайды.
Жалпы «Ұлттық сезім» жобасы елімізде өткен жылдың 1 желтоқсанынан басталған. Басты мақсаты – ата-баба дәстүрі мен тарихы арқылы ұлттық киімді дәріптеу, ұлттық брендті нығайту. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы ұсынылған болатын. Наурызнама бойынша 18 наурыз «Ұлттық киім» күні деп те атап өтілді.