SK Ondeu еншілес компаниясы – «ХИМ-плюс» ЖШС «Агро Тамыр» ЖШС-мен бірлесіп Green Ferti маркасымен сұйық тыңайтқыштардың сынама партиясын шығарды. Өсуін ынталандыру мақсатында дақылдарды азықтандыру үшін арнайы әзірленген суда еритін мыс тыңайтқышы Captan Cu деп аталды.
Сынама партия 2 м3 шағын реакторда өндірілді, алайда толық қуатқа шыққан кезде сыйымдылығы үлкен негізгі реакторларды пайдалану жоспарланып отыр. 840 л. (1008 кг) көлеміндегі тыңайтқыштардың буылған партиясы әрі қарай сату үшін Агро-Тамырға жөнелтілді. Қазіргі уақытта ХИМ-плюс пен Агро-Тамыр 2024 жылдың соңына дейін сұйық тыңайтқыштар өндіру жоспарын әзірледі. Мыс негізіндегі тыңайтқыштан басқа ХИМ-плюс өндірістік қуаттарында Green Ferti сауда белгісімен калий, кальций және мырыш негізіндегі сұйық тыңайтқыштар өндіру жоспарланып отыр. Тыңайтқыштарды Қазақстанның ішкі нарығында да, Өзбекстан мен Түркия нарықтарында да сату жоспарланып отыр.Мәзір
- +7 (7172) 73 71 00
-
Портфель
-
Корпоративтік басқару
-
Баспасөз орталығы
-
Сатып алу
- Бос жұмыс орындары
