news picture

SK Ondeu Басқармасының төрағасы Данияр Нұрланұлы Мәулетов су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу барысында ПГТЭС және су дайындау объектілерінің қызметімен танысу үшін KUS еншілес компаниясында болды.

Су дайындау және сарқынды суларды тазарту объектілерін қарау кезінде KUS қызметкерлері жабдықтарды кепілді жөндеудің орындалу барысы, уәкілетті органның ұйғарымы шеңберінде жасанды көлді жою бойынша жұмыстың нәтижелері, станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жалпы қуаты 3,6 Мвт екі дизель генераторын жеткізу туралы баяндады. Жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше назар аударылды.  
Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде KUS қызметкерлері салған Алмалы ауылы мен ҰИМТ АЭА айналасындағы жер бөгеттері қаралды.
Қорытындылар бойынша жұмыста және проблемалық мәселелерді шешуде оң динамика байқалды, сондай-ақ ағымдағы қызмет бойынша тапсырмалар берілді және одан арғы жоспарлар белгіленді.
Тізімге оралу