news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Данияр Нұрланұлы Маулетов Шымкент қаласындағы «Өндірістік» өндіріс аймағында «АГРО ТАМЫР» ЖШС-ның бас директоры Ержан Дәулетбекұлы Мәдібековпен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарын өндіру бойынша бірлескен жобаны іске асыру бөлігінде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін «АГРО ТАМЫР» ЖШС зауытының өндірістік қуаттарымен және ассортиментімен танысты. Өндірісті «ХИМ-плюс» ЖШС-ның (гербицидтерді өндіру бойынша SK Ondeu-дің еншілес компаниясы) өндірісін қайта бағдарлау арқылы қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ынтымақтастық аясында негізін қалаушы құжаттарға қол қойылды.

Анықтама үшін:
«АГРО ТАМЫР» ЖШС – топырақ пен екпе өсімдіктердің әртүрлі типтері үшін арнайы жасалған тыңайтқыштардың кең ассортиментін өндіретін көшбасшылардың бірі. Өндірілетін тыңайтқыштар қоршаған орта үшін қауіпсіз және адамның денсаулығына зиян келтірмейді.  
Тізімге оралу