Нұржан Әшімов өзінің еңбек жолын «Біріккен химиялық компания» ЖШС-де 7 жылдан астам бұрын бас менеджер лауазымынан бастады. Ол Қаржыландыру және жоспарлау департаментінің директоры болып тағайындалғанына 2 жыл болды. Сонымен қатар ол біздің еншілес ұйымымыз – «ХИМ-плюс» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.
Оның кәсіпқойлығы мен мол тәжірибесінің арқасында біздің команда Компанияның барлық стратегиялық және қаржылық мәселелері сенімді қолда екендігіне сенеді. Оның сергек басшылығымен Компанияда, сыртқы кеңесшіні тартпай, 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы әзірленді, сондай-ақ бөлімшенің штаттық санын азайту жағдайларында орта мерзімді перспективаға Бизнес-жоспар қалыптастырылды. Одан басқа, Қорландыру стратегиясы алғаш рет әзірленді және басқарушылық есептілік жүйесіне еншілес пен тәуелді ұйымдардың барлық тарихи шығыстары бойынша мәліметтер енгізілді.
Нұржан бір орында тұрмайды және өзінің кәсіби дамуын жалғастыруда. Жақында ол емтихан тапсырып, Chartered Institute of Management Accountants (CIMA P-1) сертификатын алды.
Нұржан – тек жақсы жұмыс істеп қана қоймай, жұмыстан бос уақытты әріптестерімен және отбасымен қалай өткізуді білетін позитивті адам. Ол үлкен теннистің әуесқойы және ол гитарада шебер ойнауға тырысатындығын білетіндер аз.
Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін жүзінен тану үшін іске қосады. Достар, дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы
