news picture

«SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов Степногорск қаласындағы «SSAP» ЖШС күкірт қышқылы зауытында болды.

Жұмыс сапары шеңберінде зауыттың аумағы қаралды, онда 2024 жылы қайта құру және жөндеу көзделіп отырған ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ күкіртті қабылдаумен және күкірт қышқылын тиеумен айналысатын персоналды орналастыруға арналған модульдік-блоктық станцияларға арналған орындар қаралды.
Сонымен қатар «SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы өндірістік персоналмен және кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді, онда өндіріс процестерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша жұмыскерлердің мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша «SK Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы әлеуметтік аспектілерге ерекше мән бере отырып, бірқатар тапсырмалар берді.
Тізімге оралу