news picture

2024 жылғы 26 ақпанда «Самұрық-Қазына Өндеу» ЖШС мен «ҚазАзот» АҚ арасында ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 26 ақпанда «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен «ҚазАзот» АҚ арасында бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру аясында Ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды. Жоба Қазақстанның батысында күкірт қышқылы мен аммоний сульфатын өндіру бойынша бірыңғай кешен құруды болжап отыр. Жоба Қазақстан нарығының отандық тыңайтқыштарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға және қазақстан өнімінің экспортын  нығайтуға бағытталған.
Анықтама үшін. «ҚазАзот» АҚ – аммиак және аммиак селитрасын Қазақстандық ұлттық өндіруші және экспорттаушы.
Тізімге оралу