news picture

Samruk-Kazyna Ondeu «Азот Синтезгаз. Өзбекстан және ТМД 2023» халықаралық конгреске қатысты

Samruk-Kazyna Ondeu Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов және Бизнесті дамыту департаментінің директоры Нұрсұлтан Сағындықов құрметті қонақтар ретінде Қазақстанның химия саласының басымдықтары және Samruk-Kazyna Ondeu дамуының болашақ бағыттары туралы баяндама жасады.

Аталған іс-шара Ташкентте 2023 жылғы 22-23 қараша аралығында өтті. Ол газ химиясы саласының көшбасшылары үшін жетекші кәсіпорындардың: синтез-газды қайта өңдеушілердің, билік органдарының, технологияларды әзірлеушілердің және жабдық өндірушілердің алаңына айналды. Іс-шара инвестициялық жобаларды талқылау және метанол, аммиак және азот тыңайтқыштарын өндіру тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді.
Тізімге оралу