news picture

«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының жұмыскерлері арасында таланттар конкурсы аяқталды

«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының жұмыскерлері арасында таланттар конкурсы аяқталды, оған «Айтыс», «Вокал», «Бейнелеу өнері» бағыттары бойынша 17 ұйымнан 37 адам қатысты.

SK Ondeu компаниялар тобы атынан вокал бағыты бойынша Әйгерім Әбдіқадырова қатысты, ол Mariah Carey «Without You» әнін орындады, Бейнелеу өнері бағыты бойынша Гүлдана Жабасова қатысты, ол алтын қанатты самұрық құсының суретін салды.

Конкурс алғаш рет Қордың 15 жылдығына орай еңбек ұжымдарындағы қарым-қатынастарды нығайту және жұмыскерлердің шығармашылық бастамалары мен қабілеттеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға керемет іс-шара өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз!

Тізімге оралу