news picture

Samruk-Kazyna Ondeu-дің «Жас химик» конкурсының финалы

Бүгін Samruk-Kazyna Ondeu-де 2023 жылғы тамызда басталған «Жас химик» конкурсының финалы өтті. Конкурс талантты химиктерді анықтау және оларға Samruk-Kazyna Ondeu-ге инженер-химик лауазымына орналасу мүмкіндігін ұсыну мақсатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткізілді.

Конкурсқа барлығы 49 қатысушы қатысуға ниет білдіріп, талдау нәтижелері бойынша мәтіндік және сандық ақпаратты талдау, сондай-ақ ағылшын және қазақ тілдерін білуі бойынша тестілеуді қоса алғанда бірнеше кезеңнен өткен 6 түйіндеме іріктелді. Конкурстың финалына екі қатысушы өтіп, оларға жағдаяттық кейстерді шешу бойынша кәсіби тапсырмалар берілді. Нәтижелері келесі аптада жарияланатын болады. 

Тізімге оралу