«Ақмола облысында өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта құру» жобасының операторы – «SSAP» ЖШС өз қызметінің 15 жылдығын атап өтіп жатыр. ҚР ҮИИДМБ мен ҚР химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасына енгізілген жоба 2015 жылы пайдалануға беріліп, толық автоматтандырылды және заманауи жабдықтармен жарақтандырылды.
Негізгі шикізат – «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін түйіршікті күкірт. Соңғы өнім –Қазақстанның уран өндіруші кәсіпорындары үшін шикізат ретінде қызмет ететін күкірт қышқылы. 2021 жылы зауытта күкірт қышқылын өндіру көлемі 100%-ға жетті. Бөгде тұтынушылардың үлесі 1,5 есе, ал экспорт 2,5 есе өсті, бұл алғаш рет 251 млн теңге мөлшерінде пайда алуға мүмкіндік берді.
2022 жылы ««SSAP» ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Осыдан кейін жұмыскерлер ұжымдық шартқа қол қойды, бұл жұмыскерлердің әлеуметтік қолдауын, уәждемесін жақсартуға және олардың зауыт өміріне белсенді қатысуын ынталандыруға көмектесті.
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы («SSAP» ЖШС-ның негізгі қатысушысы) Данияр Нұрланұлы Мәулетов жұмыскерлерді зауыттың 15 жылдығымен құттықтап, өркендеу, амандық, зор денсаулық тілеп, ерекшеленгендерге алғыс хат табыс етті.