news picture

SSAP мен СКЗ-U күкірт қышқылы зауыттары қауіпсіздікті арттыру мақсатында тәжірибемен алмасты

2023 жылғы 30 мамырда SKO және SSAP компанияларының басшылары мен мамандарының делегациясы қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өндірістік қызметті тиімді жүргізу саласында кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында СКЗ-U күкірт қышқылы зауытында болды.

2023 жылғы 30 мамырда SKO және SSAP компанияларының басшылары мен мамандарының делегациясы қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өндірістік қызметті тиімді жүргізу саласында кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында СКЗ-U күкірт қышқылы зауытында болды.

SK Ondeu компаниялар тобының өкілдері СКЗ-U-да еңбекті қорғау, қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша жұмыстың қалай құрылғанын зерттеді. Сонымен қатар осы саладағы регламенттер мен нормативтік құжаттармен танысты. Сапар соңында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сәтті енгізілген кейстерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

SK Ondeu өте маңызды тақырып бойынша ашықтық пен байсалды диалог үшін СКЗ-U-ға алғыс білдіреді және енді әріптестерін маусым айының басында өндіріс қауіпсіздігінің жалпы мақсатына жету үшін өз тәжірибелерімен және технологияларымен бөлісу үшін SSAP-та күтеді. Өйткені жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық.

 Анықтама:

«СКЗ – U» ЖШС - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындары үшін шикізат өндіруге тікелей қатысатын кәсіпорын. Оның жобалық қуаты жылына 500 000 тоннаны немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды.

Тізімге оралу