news picture

Данияр Нұрланұлы Мәулетов «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2023 жылғы 25 мамырда «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне Данияр Нұрланұлы Мәулетов тағайындалды.

Данияр Нұрланұлы 1980 жылы 27 тамызда дүниеге келген, 2001 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша және 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде техника мен технология бакалавры, ал 2018 жылы «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

Данияр Нұрланұлының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік ведомстволарда қаржылық бақылау бойынша үлкен тәжірибесі бар. Бірнеше жыл «Самұрық-Энерго» тобының басшылық қызметтерін атқарған. Соңғы жұмыс орны KTZE Commerce – KTZ Express көлік-логистикалық компаниясының филиалы, онда ол кеден қызметін басқарып, үйлестірді.

Тізімге оралу