Мұнай-газ-химия жобалары бойынша серіктестік қарым-қатынасты дамыту аясында 2023 жылғы 12 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары - «PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы Дастан Елемесұлы Абдулғафаров бастаған жұмыс тобы Атырау қаласындағы ҰИМХТ АЭА-да техникалық сапармен болды.
Samruk-Kazyna Ondeu-дің Активтерді басқару департаментінің директоры Бекет Өмірзақов жұмыс тобын «Полимер Продакшн» ЖШС-ның және полимерлі ыдыстарды (қаптарды), полипропиленді (БОПП) үлдірді өндіру желісінің қызметімен таныстырды.
