Жақсы өнім ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрқайсысы үшін басты бағыт болып табылады. Осы мақсаттар өсімдіктерді қорғаудың сапалы құралына қол жеткізуге көмектеседі. Мысалы, гербицидтер арамшөптер мен басқа да қажетсіз өсімдіктерді жою үшін қолданылады, өнімділіктің көлемін арттыруға және өсімдіктердің денсаулығын сақтауға көмектеседі.
«ХИМ-плюс» ЖШС (гербицидтерді өндіру зауыты) көктемгі далалық жұмыстарды жүргізу кезеңінде отандық шаруаларға өз өндірісіндегі өсімдіктерді қорғау құралдарын жөнелтуді бастады.
Анықтама үшін:
«ХИМ-плюс» ЖШС Жамбыл облысының Шу ауданының «Химпарк Тараз» АЭА-ның аумағында орналасқан және «Samruk Kazyna Ondeu» ЖШС-ның еншілес компаниясы болып табылады. Глифосат негізіндегі сұйық гербецидтерді өндіру қуаты жылына 4 000 тоннға дейін, түйіршікті гербецидтер негізіндегі глифосат – жылына 1000 тоннаға дейін құрайды. Зауыт 2019 жылы пайдалануға берілген.