news picture

«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындарының жас мамандары Атыраудағы ерекше балаларды дамыту орталығында болды

Ақпан айында басталған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Ынтымақ» жобасы еліміздің батысында жалғасын тапты. Жоба Қордың еңбек ұжымдарын бірыңғай оператор компаниялар тобының атынан жүзеге асыратын қайырымдылық қызметімен біртіндеп таныстыруға бағытталған.

Өткен айда энергетика кешені кәсіпорындарының жас мамандары Алматы қаласындағы балалардың аутизм орталығына барды. Осы аптада болса, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының жас еңбекерлері Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік нысандарды аралап, Жаңаөзен қаласындағы балалар спорт алаңдарының ашылуына қатысты.  

«Ынтымақ» жобасы компаниялар тобының әрбір қызметкеріне ортақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке тікелей қатыстылығын сезінуге, сондай-ақ бенефициарларымызға өз демеушілерін жеке тануға мүмкіндік береді. Бұл олардың жерлестері, таныстары, тіпті көршілері болып шығып, жақын жерде тұруы ғажап емес және өз еңбектерімен аймақтық әлеуметтік нысандардың дамуына үлкен үлес қосады. Мұндай кездесулер барлық портфельдік компанияның қызметкерлері үшін әзірленген іс-шаралар жоспары шеңберінде ай сайын өткізілетін болады», - деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Атырауда Қордың портфельдік компаниялары мен өңірдің еншілес ұйымдарының жас экологтары «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығына барып, оның жұмысына қанығып қана қоймай, қызметкерлерімен әңгімелесті және жас тәрбиеленушілермен сабақтардың қалай өтіп жатқанын білді. Қордың қолдауының арқасында 2022 жылы орталыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, оңалту жабдықтарымен және жиһазбен жабдықталды. Бұдан тыс, ерекше қажеттілігі бар 50 балаға арналған 120 тегін курс ұйымдастырылды.

Анықтама үшін:

2017 жылдан 2022 жылға дейін Атырау облысында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 21-ден астам жоба іске асырылды және олар қазіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда.

«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып, жергілікті ҮЕҰ әлеуметтік белсенділігін, портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарының жерлестерінің өміріне жан-жақты атсалысуын қолдайды. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры компаниялар тобының кәсіпорындары қызметкерлерін Қордың қайырымдылық қызметімен жедел ақпараттандырып, етене таныстыру үшін «Ынтымақ» жобасына бастамашылық танытты.

Тізімге оралу