news picture

Әрбір жұмыскер үйіне аман-сау оралуы тиіс

Өткен аптада Басқарма төрағасы Шералы Мейір Нұртайұлы бастаған жұмыс тобы Мейір Нұртайұлы қауіпсіздік бойынша үндеумен сөз сөйлеген «SSAP» ЖШС-ның күкірт қышқылының өндіру бойынша еншілес кәсіпорында болып қайтты. Өзінің үндеуінде Басқарма төрағасы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау «Samruk – Kazyna Ondeu» ЖШС-ның компаниялар тобындағы басым құндылықтардың бірі екендігін айтты. Сондай-ақ әрбір жұмыскерді қырағы болуға және қауіпсіздікке үнемі назар аударуға, қауіпсіз жұмыс қағидатын ұстануға және жұмысты бастар алдында тәуекелдерді бағалауға шақырды. SK – Ondeu компаниялары тобы үшін ең маңыздысы - жұмыскерлердің бір-бірінің өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті түсінетін және бөлісетін, бір-біріне қамқорлық танытатын, әрбір жұмыскер үйіне аман-сау оралатын атмосфераға толы ортаны құру және еңбек қауіпсіздігінің жоғары мәдениетіне талпыну.

Тізімге оралу