news picture

Polymer Production («Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның еншілес компаниясы) QAZPACK 2022 көрмесіне қатысты.

2022 жылы Qazpack 19-шы Қазақстандық халықаралық көрмесі өтті, онда жыл сайын қазақстандық және әлемдік заттаңба өндірушілері мен жеткізушілері, дайын қаптаманы, сондай-ақ буып-түю өнеркәсібі, қоймалау, логистика, сақтау және т.б. машиналары мен технологиялары көрсетіледі.

«Polymer Production» ЖШС ұсынған өнімдерге деген (полипропиленді БОПП пленкасы, полимерлі қаптар) қызығушылық артып, қазақстандық және шетелдік компаниялардың оң пікіріне ие болды.

Анықтама:

«Полимер Продакшн» ЖШС-ның өндірісі 2015 жылы іске қосылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 15,5 млн дана полимерлі ыдыс (қап) және 9,3 мың тонна полипропилен (БОПП) пленкасы өндірілді. Өндірілетін өнім Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және т.б. тауар өндірушілеріне жеткізіледі.

Тізімге оралу