news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Есетұлы Оспановпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның химия саласын дамытудың негізгі мәселелері, сондай-ақ бизнеспен бірлесіп болашақтағы даму мәселелері талқыланды. Ілияс Есетұлы хабарлағандай, Индустриялық даму комитеті үшін ең маңызды басымдықтардың бірі - елдің химия саласының агрохимиялық секторын дамыту және сұранысқа ие тыңайтқыштар өндіру болып табылады. Өз кезегінде Мейір Нұртайұлы осы бағытта жұмыс істеуге дайындығын атап өтіп, тыңайтқыштар өндіру бойынша негізгі жобаларды таныстырды.

Тізімге оралу