news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Ташкент қаласында өткен «Орталық Азияның мұнай өңдеу және мұнай химиясы» 9-шы жыл сайынғы конференцияға қатысты

Конференцияның мақсаты - өңірдің мұнай өңдеу және мұнай-химия компанияларының сала үшін шешімдер мен жабдықтардың әлеуетті жеткізушілерімен қарым-қатынасы үшін алаң құру.

«Мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы жобалар» сессиясында біздің компания атынан «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Бизнесті дамыту департаментінің директоры Қойшыманова Салтанат «Қазақстанның химия саласын дамытудың болашақ бағыттары мен басымдықтары. SKO көзқарасы» баяндамасымен сөз сөйледі.

Конференциядағы негізгі тақырыптардың қатарында геосаяси ахуалдың Орталық Азия мен Каспий нарықтарына әсері, инвестициялар тарту және жобалық қаржыландыру, өңірлік жобалар, жеткізу тізбегін басқару, өңірдегі аз/орташа тонналық химия өндірісінің әлеуеті және т.б. мәселелер талқыланды.

Тізімге оралу