news picture

Samruk-Kazyna Ondeu «Атамекен» ҰКП-мен кездесу өткізді

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы бастаған жұмыс тобы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Әнуарұлы Баталовпен кездесті.

Келіссөздердің мақсаты химия секторында өзара тиімді ынтымақтастықты құру мәселелерін қарау болды. Тараптар химия саласындағы кәсіпкерлікті дамытудағы ағымдағы ахуал бойынша пікір алмасты. Химия Қазақстан экономикасындағы басым салалардың бірі екені және зор әлеуетке ие екендігі, алайда жедел шешуді талап ететін бірқатар кедергілер жоқ емес екендігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ашық диалогты жалғастыруға және химия саласындағы жобаларды қарауға келісті.

Тізімге оралу