news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС өзінің еншілес компаниясы – «ХИМ - плюс» ЖШС жұмыскерлерімен коммуникациялық кездесу өткізді

2023 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобында әлеуметтік әл-ауқат жылы болып жарияланды. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС басшылығы Шу қаласындағы зауытта өткен кезекті коммуникациялық кездесуде «ХИМ - плюс» ЖШС-ның жұмыскерлеріне хабарлады.

Осындай кездесулер «Самұрық-қазына» АҚ-ның компаниялар тобында Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында тоқсан сайынғы негізде өткізіледі. Жұмыскерлерге өздерін қызықтыратын сұрақтарды бас компанияның басшысына жеке қоюға және процесті жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстарын айтуға мүмкіндік беріледі.

Кездесуде зауытты дамыту перспективасы, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақтылығы, алда болатын жыл сайынғы «Үздік маман» конкурсы бойынша сұрақтар талқыланды.

Тізімге оралу