news picture

Полимер өнімін өндіретін Полимер Продакшн зауыты 10 жылдығын атап өтті

2022 жылғы 14 қыркүйекте «Полимер Продакшн» ЖШС «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның активтер портфеліне қосылған сәттен бастап 10 жылдығын атап өтті.

Samruk-Kazyna Ondeu-дің  активтерін басқару жөніндегі басқарушы директор Жүсіп Мақсұтұлы Ералин, Активтерді басқару департаментінің директоры Бекет Өмірзақов зауыт жұмыскерлерін атаулы оқиғамен құттықтап, үздік мамандарға грамота табыстады.

Сонымен қатар Жүсіп Мақсұтұлы әлеуметтік тұрақтылықты жақсару аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап өндірістік жұмыскерлердің жалақысы 15%-ға ұлғайды. Осы жылы 6 қыркүйектен бастап жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек төлене бастады, сондай-ақ Химиктер күніне сыйлықақы берілді.

Тізімге оралу