ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері» халықаралық стандартының ұсынымдарына сәйкес «SK Ondeu» ЖШС-ның комплаенс қызметі ағымдағы жылдың 15 және 19 тамызында Серіктестік және ЕТҰ-ның қызметкерлерін сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің негізгі белгілерін анықтау бойынша оқытты.
Сатып алу процесіне тартылған жұмыскерлердің ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен хабардар болуы сатып алу кезінде теріс пайдалану мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің негізгі факторы болады.
Сатып алу процесіне қатысушылардың әрқайсысы сатып алу рәсімдерін теріс пайдаланудың немесе бұзудың алдын алуға және уақтылы әрекет етуге жауапты. Ықтимал комплаенс бұзушылық туралы, соның ішінде сатып алу процесіндегі барлық шағымдар тіркеледі және тексеріледі.
