news picture

2022 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының ҰИМТ АЭА өндірістік нысандарын аралады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Болат Оралұлы Ақшолақов «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның Байқау кеңесінің төрағасы Сабиғат Маратұлы Рахметовпен және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы бастаған жұмыс тобымен бірге Атырау облысының ҰИМТ АЭА-да орналасқан өндірістік кәсіпорындарын (KPI, KUS, Полимер Продакшн және т. б.) аралады.

Осы сапардың аясында аталған делегация мен «Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) қатысуымен кездесу өткізілді, онда Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылып жатқан «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның жаңа жобалары үшін күкіртті қосымша жеткізу мүмкіндігін қарастыру мәселесі талқыланды.

Мұнай-химия саласы үшін техникалық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін ілгерілету мақсатында Мейір Нұртайұлы Басқарма төрағасы – Атырау Мұнай және газ университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Гүлзада Тәңірбергенқызы Шакуликовамен келіссөздер жүргізді, оның ішінде түлектерді «Полимер Продакшн» ЖШС-ға жұмысқа орналастыру мүмкіндігін ұсына отырып, дуальді оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігі талқыланды. Сонымен қатар кездесу аясында оқу орнының базасында ҒЗТКЖ-ны дамыту мәселелері қаралды.

Тізімге оралу