top bg pages

Жаңалықтар

news picture

2022 жылғы 10 тамызда «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқармасының төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы жұмыс тобымен Атырау облысы ҰИМТ АЭА орналасқан бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Сапар барысында Басқарма төрағасына «Полимер Продакшн» ЖШС-ның (SK-Ondeu-дің еншілес компаниясы) полимерлік өнім өндіру зауытының жұмысы таныстырылды, онда Мейір Нұртайұлы жұмыс тобымен бірге кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне қанығып, өзекті өндірістік, әлеуметтік мәселелерді, қауіпсіздік техникасы мәселелерін талқылады және зауыттың даму перспективаларын айқындады. «Полимер Продакшн» ЖШС-ның басшылығына кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойылды.

Сонымен қатар сапар аясында М. Шералы «KPI» ЖШС-ның интеграцияланған газ-химия кешенінің, сыртқы сумен жабдықтау, су дайындау және «KUS» ЖШС-ның газ турбиналы электр станциясының электр энергиясын өндіру жұмысымен танысты.

Анықтама:

«Полимер Продакшн» ЖШС-ның өндірісі 2015 жылы іске қосылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 15,5 млн дана полимерлі ыдыс (қаптар) және 9,3 мың тонна полипропилен (БОПП) пленкасы өндірілді. Өндірілетін өнім Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және т.б. тауар өндірушілеріне жеткізіледі.

«KPI» ЖШС және «KUS» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның сенімгерлік басқаруына берілген «SK Ondeu» ЖШС-ның еншілес компаниялары.

Тізімге оралу