top bg pages

Жаңалықтар

news picture

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының  Қор тобының жұмыскерлеріне үндеуі

28 сәуірде дәстүр бойынша бүкіл дүниежүзінде «Еңбекті қорғау күні», яғни Өндірісте қайтыс болған немесе жарақат алған адамдарды халықаралық еске алу күні аталып өтіледі. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, күн сайын дүниежүзінде жұмыс орнында 6000-ға жуық адам қайтыс болады, бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 10%-ға артып келе жатыр.

2022 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы – «Ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» (Act together to build a positive safety and health culture). «Ортақ күш-жігер» деген сөз тіркесінен әрбір жұмыскердің қызметтің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға қатысуы мен жауапкершілігі түсініледі.

Өндірістік қауіпсіздік жүйесін (бұдан әрі – HSE) жақсарту мәселелері мен үшін және жалпы, Қор үшін ең жоғары басымдық болып табылады. Негізгі құндылық адам өмірі болған және солай болып қала береді. Қор тобының барлық жұмыскерлері дерлік өз отбасыларына жұмыстан аман-есен оралуы тиіс.

«Самұрық-Қазына» АҚ-да ағымдағы жыл – «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды. Біздің әрқайсымыз өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсартуға қосқан жеке үлесіміз бен қатысуымыз туралы ойлануымыз керек, жұмыс орындарындағы оқиғалар, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың алдын алудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін нақты мақсаттар қоюымыз қажет.

Қордың компаниялар тобында үш жыл ішінде HSE саласында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы зардап шеккендер саны 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға азайды. Бірақ біз әлі де оң мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізе қойған жоқпыз. Біз Қор тобының барлық қызметкерлерінен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне жеке бейілділік деңгейін арттыруды күтудеміз. Ол үшін ойлау мәдениетін өзгерту және жоғары командалық рухты қалыптастыру қажет.

Кез-келген апаттың алдын алуға болатынына сенімдімін.

Еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін жұмыскерлер:

  • жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне, жеке басының қауіпсіздігіне және өз әріптестерінің қауіпсіздігіне жауапты болуы;
  • HSE талаптарының бұзылуы, жазатайым оқиғалар, ықтимал қауіпті оқиғалар туралы дереу хабарлауы;
  • қауіпсіз жұмыс жүргізуді немесе қауіпсізті жұмыс жағдайларын тоқтату немесе түзету үшін шаралар қабылдауы;
  • HSE талаптарын сақтаудың белсенді жақтаушысы болуы тиіс.

Бұл күш-жігердің барлығын заманауи цифрлық шешімдер қолдауы керек. Тек осылай ғана біз тәуекелдер деңгейін барынша төмендете аламыз.

Біздің жұмыскерлер – компанияның басты құндылығы. Қор қызметінің нәтижелері мен инвесторлар үшін құрылатын құн әркімнің кәсібилігі мен қауіпсіздігі деңгейіне байланысты болады.

Біз HSE мақсаттарына қол жеткізуге мүдделіміз және барлығын оның идеяларын жүзеге асыруға шақырамыз. Жұмыскерлеріміздің, мердігерлеріміздің және тұрғындардың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы біздің қажырлы еңбегіміз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының ұзақ мерзімді және табысты бизнесінің негізгі факторы болып табылады.

Алмасадам Сәтқалиев

Тізімге оралу