top bg pages

Жаңалықтар

news picture

МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРУ БОЙЫНША ЖОБА АЯСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕНІ БІРЛЕСІП ӘЗІРЛЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде “Біріккен химиялық компания” ЖШС “Бір белдеу-бір жол” іс – шарасы аясында Huajin Group қытай компаниясымен минералды тыңайтқыштарды өндіру жобасы аясында техникалық-экономикалық негіздемені бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойды. Жоба 2020-2023 жылдары ҚР аумағында қуаты 800 мың тонна зауыт құрылысын қарастырады, бұл алдағы уақытта Қазақстанның Қытай мен Еуропалық Одақ нарықтарындағы экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тізімге оралу