Хабарландыру

«Біріккен химиялық компания» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және оның еншілес компаниялары «KarabatanUtilitySolutions» ЖШС, «SSAP» ЖШС, «ХИМ-плюс» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemica Industries Inc» қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлайды. 2022, 2023, 2024 жылдар және 2022, 2023, 2024 жылдардың 1-жарты жылдығында.

Қызметтерді сатып алудың жоспарланған құны ҚҚС есебінсіз 265 268 080 теңгені құрайды.

Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей – тегжейлі ерекшелігі, көлемі мен орны аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған сауалда (бұдан әрі-Сауал) көрсетілген.

Сұрауды 2021 жылғы қараша айының 9-не дейін сагат 18:00 га дейін мына мекенжай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 5 қабат, 0511 кабинет, құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін алуға болады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 737150, 737152 телефондары бойынша, e-mail: takezhanova@ucc.com.kz, және www.ucc.com.kz веб-сайтынан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 5 қабат, 0505 кабинет мекенжайынан алуға болады.

Қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 10 қараша сағат 09:00-ге дейін мына мекенжай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 5 қабат, 0511 кабинет.

Конкурстық ұсыныстар салынған конверттер 2021 жылы 10 қарашада сағат 10-00-де ашылады.

Тізімге оралу