top bg pages

Хабарландыру

Сақтандыру ұйымдары басшыларының назарына!!!

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС атынан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алулар санаттарын басқару бойынша құзыреттіліктер орталығы (бұдан әрі – Қордың ҚО) «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша Қор деңгейінде сатып алу санаттық стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) «ұзақ мерзімді бастамаларын» іске асыру шеңберінде 2020 жылға қарай қажеттілігі бойынша «Жасыл орам» бизнес орталығында орналасқан Қор ұйымдарына және олардың еншілес ұйымдарына осы санат бойынша әлеуетті қызметтер жеткізушілерін анықтау мақсатында сақтандыру ұйымдарының қатысуымен бәсекелестік келіссөздерді өткізу арқылы тендер өткізу жоспарланатынын хабарлайды.

Алдағы бәсекелестік келіссөздерге рұқсаттама алу мақсатында жеткізушілерге Қордың ҚО-ға құжаттарды Стратегияда анықталған талаптарға сәйкес іріктеудің әзірленген критерийлеріне сәйкес жіберуі керек. Бәсекелестік келіссөздерге қатысу үшін Өтінімдерді берудің ақырғы мерзімі – Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылдың 24 қаңтарында сағат 13.00 болып табылады. 2020 жылдың 24 қаңтарында күннің екінші жартысында келіссөздер тобымен конверттерді ашу рәсімі жүзеге асырылатын болады.

Ұсынылған құжаттаманы қарастыру нәтижелері бойынша бәсекелестік келіссөздерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасына қол қойылады және бұл ақпарат әлеуетті жеткізушілерге қосымша түрде жеткізілетін болады. Бәсекелестік келіссөздерді 2020 жылдың 28 қаңтарында (сағ. 09.00 – сағ. 18:30) Нұр-Сұлтан қаласы, Е-10 көшесі, «Жасыл орам» БО, 9-қабат, коференц-зал мекенжайы бойынша өткізу жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды алу үшін, бәсекелестік келіссөздерге қатысу үшін іріктеулен өту мақсатында жоғарыда аталған ұйымдарға ауру туындаған жағдайда медициналық сақтандыру қызметтерін көрсету мүмкіндігі туралы сұратуды мына электронды мекенжайларға жіберу керек: m.kusherbayeva@skc.kz, a.bainiyazova@skc.kz. Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша 8 (7172) 570275 (ішкі 501, 504), 8 701 298 46 44 телефондары арқылы келіссөздер тобының хатшысы М.Е.Кушербаеваға және сатып алу санаттық тобының жетекшісі 8 771 833 46 14 А.Ж.Байниязоваға жүгініңіз.

Тізімге оралу