Сауда-саттықты электрондық конкурс арқылы өткізу туралы хабарлама.
«Samruk-Kazyna Ondeu» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2025 жылғы тамыз айының 7 күнінде сағат 12:00-де (Астана уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында – www.e-qazyna.kz өтетін «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы (бұдан әрі – Актив немесе «ХИМ-плюс») қатысу үлесінің 51%-дан 100%-ға дейінгі бөлігін сату бойынша электрондық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні жөнінде хабарлайды.
Актикті іске асыру «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік құқығында тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады. Қағидалар «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 сырттай отырысының шешімімен бекітілген. Сондай-ақ, активті өткізу «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне» (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүргізіледі. Регламент «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттамасымен бекітілген.
Өтінімдерді ұсыну және қабылдау мерзімі сауда-саттық туралы хабарлама веб-порталда жарияланған күннен басталады.
Электрондық конкурсқа мынадай активтер қойылады:
|
№ р/б |
Активтің атауы |
Меншік иесі |
Қызмет түрі |
Орналасқан жері |
Бастапқы баға, теңге |
Кепілдік жарна, теңге |
Аукцион қадамы |
Сауда-саттықты өткізу күні |
|
1 |
«ХИМ-плюс» ЖШС қатысу үлесінің 51% -дан 100% -ға дейін |
«SK Ondeu» ЖШС |
ЭҚЖЖ 20200 Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдерді өндіру |
Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел ауылдық округі, Тасөткел ауылы, «Jibek Joly» АЭА, 10 ғимарат, пошталық индексі 081127 |
1 884 459 436,53 (бір миллиард сегіз жүз сексен төрт миллион төрт жүз елу тоғыз мың төрт жүз отыз алты) теңге 53 тиын. |
282 668 915 (екі жүз сексен екі миллион алты жүз алпыс сегіз мың тоғыз жүз он бес) теңге. |
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің 43-тармағына сәйкес |
30.06.2025 |
Конкурстың шарттары:
1) «ХИМ-плюс» ЖШС қызметінің бейінін «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап кемінде 5 жыл бойы сақтау;
2) Әлеуетті инвестордың тыңайтқыштар және/немесе гербицидтер өндіру және өткізу саласында кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% қатысу үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап 2 жыл ішінде тыңайтқыштар және/немесе гербицидтер өндірісінің жаңа формулаларын енгізу арқылы «ХИМ-плюс» ЖШС базасында өндірілетін өнімдер ассортиментін кеңейту;
4) «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% қатысу үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап 5 жыл ішінде «ХИМ-плюс» ЖШС өндірістік қызметкерлерінің штат санын 2025 жылғы деңгейде сақтау;
5) «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% қатысу үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап 5 жыл ішінде өндірістік инфрақұрылым нысандарын мақсатты пайдалану талаптарының өзгермеуін қамтамасыз ету;
6) «SK Ondeu» ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатып алу сәтіне дейін «ХИМ-плюс» ЖШС-ға қатысты мәмілелер жасауды шектеу (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру және т.б.).
7) Әлеуетті сатып алушы «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы 51% қатысу үлесін сатып алған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде «SK Ondeu» ЖШС-ның «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы қалған 49% қатысу үлесін сатып алуға міндеттенеді. Қатысу үлесінің 49% құны егер «SK Ondeu» ЖШС Салалық комиссиясының 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 01/25 хаттамасында (бұдан әрі - 01/25 хаттама) көрсетілген бағалау құнынан жоғары болса, онда бұл үлестің құны өткізу сәтіндегі бағалау нәтижесі негізінде нарықтық баға бойынша айқындалады, өзге жағдайда, өткізу бағасы 01/25 хаттамасында көрсетілген 49% құнымен шектеледі.
8) «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы 51% қатысу үлесінің құнын бөліп төлеу немесе бөліп-бөліп төлеу шартымен төлеуге жол беріледі, келесі талаптармен:
- мәлімделген соманың кемінде 30% (отыз пайызы) - алғашқы төлем ретінде төленуге тиіс;
- төлемнің жалпы мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс;
- «ХИМ-плюс» ЖШС қатысу үлесінің 51% құнын бөліп (траншпен) немесе бөліп-бөліп төлеген жағдайда, сатып алу-сату шарты бойынша төленбеген ақшалай міндеттемелердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес индекстеуге жатады.
- транштармен төлеген кезде төленбеген бөлікке ҮҚШ жасасу мүмкіндігі.
9) Мәміле жасау мақсатында сатып алушы өз қаржылық тұрақтылығын банктік үзінді-көшірмені ұсыну, қалыптастырылған жарғылық капиталды растау, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы, оның ішінде үлесті сатып алу-сату шарты жасалған күнгі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша есептер, сондай-ақ сатып алушының оң қаржылық жағдайын растайтын өзге де құжаттар арқылы растау.
Осы Активті сатудың ерекше шарттары Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау кезінде қойылатын ең төменгі талаптар болып табылады.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарландыру жарияланған күннен бастап басталады және сауда-саттық басталуына дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Кепілдік жарна Төлем алушының шотына енгізіледі (орысша): «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТБК: 171; БеК: 16.
Төлемді тағайындау: электрондық конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна (банк қызметтеріне ақы төлеу кепілдік жарнаның мөлшеріне кірмейді).
«Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ шотына кепілдік жарналардың уақтылы түсуі мақсатында өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынылады.
Сауда-саттыққа қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол берiледi, бұл ретте кепiлдiк жарна сауда-саттыққа қатысу үшiн қатысушы осы кепiлдiк жарнаны енгiзген объектiнi ғана сатып алуға құқық бередi.
Электрондық конкурсты өткізу тәртібі туралы ережелермен тиісінше www.ipo.sk.kz және www.e-qazyna.kz веб-сайттарында еркін қолжетімді болатын Қағидалар мен Регламентте танысуға болады.
Әрбір сатылған объект бойынша конкурстың нәтижелері сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз конкурс өткізілетін күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының тізілімнің веб-порталы генерациялаған объектіні сату бағасы бойынша сатып алу-сатудың үлгі шартының жобасына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптар келіскен мерзімде, бірақ тізілімнің веб-порталы сауда-саттық қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Электрондық конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген актив туралы (оның ішінде оның деректемелері, өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары, сондай-ақ актив бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізу тәсілі, актив бойынша құжаттама пакетін алу тәсілі және сауда-саттыққа қатысуға өтініш нысаны, электрондық конкурс өткізу тәртібі) толық ақпаратты www.e-qazyna.kz сайтында немесе 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 73-71-36, 73-71-32 («SK Ondeu» ЖШС - Сауда-саттықты ұйымдастырушы) телефондары арқылы қарауға болады.