Сауда-саттықты электрондық конкурс арқылы өткізу туралы хабарлама.

Сауда-саттықты электрондық конкурс арқылы өткізу туралы хабарлама.

 

«Samruk-Kazyna Ondeu» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2025 жылғы шілде айының  1 күнінде сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында – www.e-qazyna.kz өтетін «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы (бұдан әрі – Актив немесе «ХИМ-плюс») қатысу үлесінің 51%-дан 100%-ға дейінгі бөлігін сату бойынша электрондық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні жөнінде хабарлайды.

Актикті іске асыру «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік құқығында тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады. Қағидалар «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 сырттай отырысының шешімімен бекітілген. Сондай-ақ, активті өткізу «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне» (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүргізіледі. Регламент «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттамасымен бекітілген.

Өтінімдерді ұсыну және қабылдау мерзімі сауда-саттық туралы хабарлама веб-порталда жарияланған күннен басталады.

 

Электрондық конкурсқа мынадай активтер қойылады:

№ р/б

Активтің атауы

Меншік иесі

Қызмет түрі

Орналасқан жері

Бастапқы баға,

теңге

Кепілдік жарна, теңге

Аукцион қадамы

Сауда-саттықты өткізу күні

1

«ХИМ-плюс» ЖШС қатысу үлесінің 51% -дан 100% -ға дейін

«SK Ondeu» ЖШС

ЭҚЖЖ 20200 Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдерді өндіру

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел ауылдық округі, Тасөткел ауылы, «Jibek Joly» АЭА, 10 ғимарат, пошталық индексі 081127

1 884 459 436,53 (бір миллиард сегіз жүз сексен төрт миллион төрт жүз елу тоғыз мың төрт жүз отыз алты) теңге 53 тиын.

282 668 915 (екі жүз сексен екі миллион алты жүз алпыс сегіз мың тоғыз жүз он бес) теңге.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің 43-тармағына сәйкес

30.06.2025

 

Конкурстың шарттары:

 1)            «ХИМ-плюс» ЖШС қызметінің бейінін «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап кемінде 5 жыл бойы сақтау;

2)             Әлеуетті инвестордың тыңайтқыштар және/немесе гербицидтер өндіру және өткізу саласында кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы;

3)             «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% қатысу үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап 2 жыл ішінде тыңайтқыштар және/немесе гербицидтер өндірісінің жаңа формулаларын енгізу арқылы «ХИМ-плюс» ЖШС базасында өндірілетін өнімдер ассортиментін кеңейту;

4)             «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% қатысу үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап 5 жыл ішінде «ХИМ-плюс» ЖШС өндірістік қызметкерлерінің штат санын 2025 жылғы деңгейде сақтау;

5)             «ХИМ-плюс» ЖШС-ның 51% қатысу үлесін бәсекелі ортаға беру жөніндегі мәміле аяқталған күннен бастап 5 жыл ішінде өндірістік инфрақұрылым нысандарын мақсатты пайдалану талаптарының өзгермеуін қамтамасыз ету;

6)             «SK Ondeu» ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатып алу сәтіне дейін «ХИМ-плюс» ЖШС-ға қатысты мәмілелер жасауды шектеу (қайта сату, кепілге қою, басқаруға беру және т.б.).

7)             Әлеуетті сатып алушы «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы 51% қатысу үлесін сатып алған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде «SK Ondeu» ЖШС-ның «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы қалған 49% қатысу үлесін сатып алуға міндеттенеді. Қатысу үлесінің 49% құны егер «SK Ondeu» ЖШС Салалық комиссиясының 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 01/25 хаттамасында (бұдан әрі - 01/25 хаттама) көрсетілген бағалау құнынан жоғары болса, онда бұл үлестің құны өткізу сәтіндегі бағалау нәтижесі негізінде нарықтық баға бойынша айқындалады, өзге жағдайда, өткізу бағасы 01/25 хаттамасында көрсетілген 49% құнымен шектеледі.

8)             «ХИМ-плюс» ЖШС-дағы 51% қатысу үлесінің құнын бөліп төлеу немесе бөліп-бөліп төлеу шартымен төлеуге жол беріледі, келесі талаптармен:

- мәлімделген соманың кемінде 30% (отыз пайызы) - алғашқы төлем ретінде төленуге тиіс;

- төлемнің жалпы мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс;

- «ХИМ-плюс» ЖШС қатысу үлесінің 51% құнын бөліп (траншпен) немесе бөліп-бөліп төлеген жағдайда, сатып алу-сату шарты бойынша төленбеген ақшалай міндеттемелердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес индекстеуге жатады.

- транштармен төлеген кезде төленбеген бөлікке ҮҚШ жасасу мүмкіндігі.

9)             Мәміле жасау мақсатында сатып алушы өз қаржылық тұрақтылығын банктік үзінді-көшірмені ұсыну, қалыптастырылған жарғылық капиталды растау, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы, оның ішінде үлесті сатып алу-сату шарты жасалған күнгі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша есептер, сондай-ақ сатып алушының оң қаржылық жағдайын растайтын өзге де құжаттар арқылы растау.

Осы Активті сатудың ерекше шарттары Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау кезінде қойылатын ең төменгі талаптар болып табылады.

 

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарландыру жарияланған күннен бастап басталады және сауда-саттық басталуына дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдік жарна Төлем алушының шотына енгізіледі (орысша): «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТБК: 171; БеК: 16.

Төлемді тағайындау: электрондық конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна (банк қызметтеріне ақы төлеу кепілдік жарнаның мөлшеріне кірмейді).

«Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ шотына кепілдік жарналардың уақтылы түсуі мақсатында өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынылады.

Сауда-саттыққа қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол берiледi, бұл ретте кепiлдiк жарна сауда-саттыққа қатысу үшiн қатысушы осы кепiлдiк жарнаны енгiзген объектiнi ғана сатып алуға құқық бередi.

Электрондық конкурсты өткізу тәртібі туралы ережелермен тиісінше www.ipo.sk.kz және www.e-qazyna.kz веб-сайттарында еркін қолжетімді болатын Қағидалар мен Регламентте танысуға болады.

Әрбір сатылған объект бойынша конкурстың нәтижелері сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз конкурс өткізілетін күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының тізілімнің веб-порталы генерациялаған объектіні сату бағасы бойынша сатып алу-сатудың үлгі шартының жобасына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптар келіскен мерзімде, бірақ тізілімнің веб-порталы сауда-саттық қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Электрондық конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген актив туралы (оның ішінде оның деректемелері, өндірістік-экономикалық ерекшеліктері мен сипаттамалары, сондай-ақ актив бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізу тәсілі, актив бойынша құжаттама пакетін алу тәсілі және сауда-саттыққа қатысуға өтініш нысаны, электрондық конкурс өткізу тәртібі) толық ақпаратты www.e-qazyna.kz сайтында немесе 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 73-71-36, 73-71-32 («SK Ondeu» ЖШС - Сауда-саттықты ұйымдастырушы) телефондары арқылы қарауға болады.

Тізімге оралу