«Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры-«SK-Ondeu» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі

photo

Жамиев Алмат Кунжолович

Сайланған күні: 17.09.2026 ж.

Білімі:

  • 1997–2001 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Құқықтану» мамандығы, заңгер;

  • 2001–2003 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, құқық магистрі;

  • 2003–2005 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирантура;

  • 2017–2019 жж. – Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (Duke University, АҚШ-пен бірлескен бағдарлама), Executive MBA (Finance).

Жұмыс тәжірибесі:

  • 12/2008 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры. Әр жылдары Құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры, Құқықтық сүйемелдеу және әдіснама департаментінің директоры, Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Нормативтік-құқықтық жұмыс департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған;

  • 03/2008 – 12/2008 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, Заң қызметі департаментінің менеджері, бас менеджері;

  • 06/2005 – 03/2008 жж. – «Казкоммерцбанк» АҚ, заң кеңесшісі, жетекші заң кеңесшісі, филиалдық желінің кредиттері мен кепілдері бөлімінің бастығы;

  • 07/2004 – 05/2005 жж. – «Транстелеком» АҚ, Заң басқармасының бас маманы;

  • 05/2004 – 07/2004 жж. – «Қазақтелеком» АҚ, Логистика қызметінің құқықтық мәселелер жөніндегі менеджері;

  • 05/2003 – 04/2004 жж. – «АТФ Банк» АҚ, Кредиттерді қамтамасыз ету департаментінің маманы, жетекші маманы.

Қазіргі уақытта басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі / Байқаушы кеңестеріндегі қызметі мен мүшелігі:

  • «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі;

  • «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» Қоры Директорлар кеңесінің мүшесі;

  • «QazCloud» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы;

  • Bolashaq Investments Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қосымша мәліметтер:

  • «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі;

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған;

  • Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңдарын әзірлеуге және барлық кезеңдерде келісуге, сондай-ақ Қордың институционалдық қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге тікелей қатысқан;

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің екі алғыс хатымен марапатталған.

Тізімге оралу